Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Холераның профилактикасы

Холера аса қауіпті инфекциялар қатарына жатады. Бұл індет берілудің алиментарлық механизмін иеленеді. Холера организмнің анық білінетін сусыздануымен бірге диспепсиялық синдроммен сипатталады.
Алдын алу
Холераның алдын алу ерекшеліктік емес профилактикадан және науқас пен бактерия тасымалдаушы анықталған жағдайдағы індетке қарсы шаралардан құралады.
Холераның ерекшеліктік емес профилактикасы, бұл:
- жеке гигиена ережелері - әжетханадан шыққаннан соң, ас ішер алдындағы қолды ыждағаты жуу;
- белгісіз су көздерінен, әсіресе тастап кетілген құдықтардан, су қоймаларынан су ішпеу. Егер мүміндік болмаса суды қайнатып, оған аздап лимон қышқылын қосу қажет (холера вибрионы қышқыл ортада өледі);
Індетке қарсы шаралар:
- науқасты холералық госпитальға жатқызу;
- науқасты жеке бокста оқшаулау және емдеу;
- контактта болғандарды 5 тәулікке жеке оқшаулау бөлмесіне жатқызу;
- контактта болғандарға холераның шұғыл профилактикасын антибиотиктермен жүргізу (доксициклин).


Жадра Абдулаевна АХМЕТОВА,
мейірбике,
ересектер бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет pochepgazeta.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (19.03.2015)
Просмотров: 907 | Теги: жадра, профилактикасы, холера, ахметова, індетке қарсы шаралар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]