Холецистит – бұл өт қалтасының жедел қабынуы – калкулездік холециститтің ең жиі асқынуларының бірі. Бұл кезде өт қалтасында микрофлораның болуы және өт ағуының бұзылуы нәтижесінде жедел қабынулы үдеріс дамиды.
Холецистит өт қабында тас жиналу себебінде де дамиды. Холесциститке бейімдеуші факторлар мыналар:
- қарын-ішек жолдары ағзаларының кеселдері
- паразиттердің болуы (лямблиялар, аскаридалар)
- өт қалтасының және бауырдың жарақаттары
- созылмалы жұқпа ошақтарының болуы
- иммундық статустың бұзылысы
- жиі іш қату
- ретсіз тамақтану
- жиі тойып тамақ ішу
- аз қимылдағы өмір салты
- жүктілік.
Светлана Дузелхановна НУФТУЛЛАЕВА,
мейірбике,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет pharmprice.kz сайтынан алынды |