Хламидиоз арнайы бактериялар – хламидиялар шақыратын, жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы венерикалық кесел. Ол әлемдегі кең тараған жыныс жолдары арқылы таралатын кеселдердің бірі болып есептеледі.
Хламидиоз сәйкесінше емделмесе, ауыр зардаптарға жетелейді: әйелдерде – бедеулікке, жатыр мойынының эрозиясына, өз бетінше түсікке, еркектерде – аталық без зақымдануына (простатитке).
Хламидиоздың өз жеке белгілері (симптомдары) болмайды. Сондықтан оны тек нақтылау (диагностика) және талдау жасау арқылы анықтайды. Науқастар көбіне оның асқынуы шақырған белгілермен дәрігерге қаралады. Еркектерде бұл простатит, везикулит, ен қосымшасының қабынуы болуы мүмкін.
Әйелдерде хламидиоздың зардаптары бедеулік, түсіктер, вагинит болуы ықтимал. Сондай-ақ әйелдерде созылмалы хламидиоздың симптомдары жыныс ағзаларындағы ауыру, қышу мен ашып ауыру, қынаптан бөліністің шығуы, етеккір аралығындағы қан кетулер, кейде дене температурасының жоғарылауы, белдегі ауыру түрінде байқалады.
Дәрігердің барлық нұсқауларын орындағанда көптеген жағдайларда хламидиозды 2-3 аптада емдеп шығуға болады.
Гульсум Жартаевна ЖАЛМУРЗАЕВА,
мейірбике,
диспансерлік бөлім,
“облыстық тері-венерологиялық диспансері” ЖШҚ МКК
Сурет www.syl.ru сайтынан алынды
|