Мейірбикелік зерттеу, тексеру және пациенттің ахуалын бағалау хирургиялық практикадағы мейірбикелік үдерістің (процесстің) бір тармағы болып есептеледі. Мейірбике тіндердің қабынуын шақырған жергілікті өзгерістерге көңіл аударады: ісіну, қызару (гиперемия), қызудың (температураның) жергілікті көтерілуі, ауыру және оның сипаттары. Ол сондай-ақ тері жабындылары мен шырышты қабықтардың түсін бағалайды, ауырудың болуына, жайсыздыққа және осы кеселге байланысты ағзалар қызметінің өзгерістеріне баға береді.
Мейірбике кеселдің алғашқы белгілері (симптомдары) және денсаулықпен сабақтас басқа проблемалар туралы сұрайды. Пациенттің жай-күйін анықтау үшін ол негізгі көрсеткіштерді (жүрек үнін, тамыр соғу және тыныс алу жиілігін, қан қысымының өлшемдерін, дене температурасын) анықтайды және тіркейді. Оған қоса пациенттің ауруханаға жату тілегін, нашар көңіл-күйінің болуын, алаңдауын айқындайды.
Салтанат Мырзабековна ШУЙШБАЕВА,
эндоскопия және бала хирургы кабинет мейірбикесі,
облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы
Сурет www.profguide.ru сайтынан алынды
|