Жаз айларында күн ыстық кезде күн өту оқиғалары жиілейді. Бұл күннің астында ұзақ болу және шамадан тыс күнге қыздырыну нәтижесінде туындайды.
Алғашқы көмек
Зардап шегушіні бас жағын жоғары етіп көлеңкелі немесе салқын жерге жатқызған жөн. Оның үстінен киімін шешіп алып, ылғалды жаймаға немесе сүлгіге орайды. Жапа шегушінің басына мұзы немесе салқын суы бар қауақ, салқын компресс қояды. Күнге күюде ең алдымен орталық нерв жүйесі (ОНЖ) зақымданатындықтан басын суыту маңызды. Жүректің рефлекторлы тоқтау мүмкіндігін ескеріп жапа шегушіні мұздай суға түсіруге болмайды. Температурада үлкен айырмашылық болмайтындай етіп, суытуды біртіндеп жүргізген жөн. Жапа шегушіге көбірек сұйық беріледі (су, шәй, кофе, шырын). Егер теріде күю белгілері болса, оған вазелин майы жағылады, көпіршіктерді жармай, оның үстіне құрғақ стерильді таңу жасалады. Одан соң сырқат адамды емдеу мекемесіне қарату қажет.
Асия Танирбергеновна АХМЕТОВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
Сурет www.culture.mchs.gov.ru сайтынан алынды
|