Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Кенелерден сақтана біліңіз!

Конго-Қырым  қанды геморрагиялық қызбасы аса қауіпті дерт, ол табиғи ошақтық аурулар қатарына жатады және кеселді жұқтыру ауру тасымалдаушы иксод кенелер санының көбеюіне тікелей байланысты болады. Аурушаңдық көктемгі-жазғы маусымда тіркеледі. Ауру жұғуы негізінен иксод кенелерінің шағуы арқылы трансмиссивті жолмен, кенемен контактта болу арқылы, кенені жалаңаш қолмен жұлғанда, қой қырқымы кезінде кенені қайшымен қиып жібергенде оның қанын жұқтыру арқылы, сонымен қатар Конго-Қырым қанды безгегімен ауырған науқастың қанын жұқтырғанда.
Мысалы,отбсы мүшелері науқастанған адамға алғашқы көмек көрсету кезінде, медицина қызметкерлері науқасқа түрлі медициналық манипуляциялар жасап, науқас күтімі кезінде жұқтыруы және зертханада ауа тамшылары арқылы жұқтыруы ықтимал.
Аурудың басталуы дене қызуының 39-41оС-ге дейін жоғарылап, дененің  қалтырауымен, бастың, буындардың, белдің, іштің, балтырдың қатты ауруымен басталады. Науқас әлсіреп, оның бүкіл денесі ауырады, жүрегі айнып, құсады. Бетінің, мойны мен көкірегінің жоғары бөліктері қызыл-қышқыл түске боялып қызарады, көз склерасы қанталайды. Тамағы қызарады, коньюктивиттің байқалуы мүмкін. 2-3-ші күндері геморрагиялық синдромдар басталады. Ине шанышқан орындарға гематомалар, науқастың көкірегі мен ішінде майда геморрагиялық бөртпелер пайда болады, мұрнынан, тістің қызыл етінен, ішектерінен, асқазаннан, жатырдан қан кету байқалады.
Сақтану амалдарына кенелердің белсенділігі артқан уақытта далалық жерлерде, мал шаруашылығында жұмыста істейтін адамдармен және тікелей ауыл шаруашылығы жануарларымен қатынаста болған кезде аса сақ болу қажет. Жайылымнан қайтқан малдардың үстін мұқият қарап, кене жабысқан жағдайда эктопаразиттерді жоюға арналған препараттарды жағып, мал қораларды кенеге қарсы улап, үйге кірер алдында әркім өз киімін қарауы керек. Науқастың жазылып кетуі дер кезінде дәрігерге қаралып, ауруханаға жатып, уақтылы ем қабылдауына тікелей байланысты болады.

Жадыра Уалибековна ТИЛЕСОВА,
мейiрбике,
балалар жұқпалы аурулар бөлiмшесi,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

 
Сурет www.icn.kz сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 935 | Теги: жадыра, Конго-Қырым қанды геморрагиялық қыз, кенелер, тилесова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]