Кең жайылған токсикодермия – бұл терідегі бөртпелердің уыттану (интоксикация) құбылысымен жүретін ауыр дерт. Науқастарда қызба, қалтырап-дірілдеу, буындардағы ауыру, жүрек айну, іш өтуі болады.
Терідегі бөртпелер кең тараған полиморфты сипат иеленеді: дақтар, күлдіреулер, кейде геморрагиялық заты бар везикулалар.
Токсикодермияның ауыр формасы Лайелл синдромы немесе жедел эпидермалды некролиз болып табылады. Мұнда терімен қатар ауыздың, көздің, жыныс ағзаларының шырышты қабықтары зақымданады, трахеяның, бронхтардың шырышты қабықтарының сыпырылып түсуі өтеді.
Дерттің толық клиникалық суреті 12-36 сағаттан соң дамиды, кейде ол бірнеше тәулікке ұзарады. Сырттай қарағанда мұндай науқастар ІІ дәрежедегі күюі бар сырқаттарды еске түсіреді. Шарт бойынша үдеріске ішкі ағзалар: бауыр, өкпе, ми мен жұлын, бүйрек үсті бездері тартылады; сусыздану симптомдары қосылады. Науқастың өлімі дерттің 4-ші-26-шы тәуліктері кезеңінде туындауы мүмкін.
Сауле Ануаровна ТАЖМАГАМБЕТОВА,
мейірбике,
“облыстық тері-венерологиялық диспансер” ШЖҚ МКК
Сурет vmede.or сайтынан алынды
|