Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Әйелдердегі климакс туралы

Климакс – бұл әйел организміндегі жас шамалық қайта құрылу, жыныстық қызметтің (функцияның) өшу кезеңі, етеккірдің біртіндеп тоқтауы, бала туу кезеңінің аяқталуы.
Климакс – физиологиялық үдеріс (процесс), оның басталу себебі организмнің гормондық қайта құрылуында. Алайда ол әйелдерде әр түрлі өтеді: бірі оның басталғанын байқамаса, басқасы климактериялық симптомдардан азапты бастан өткереді. Бұл “дененің біресе ысып, біресе суынуы”, ұйқының бұзылысы, ызалану, тез шаршау, ұмытшақтық, торығулар (депрессиялар), бұлшықет пен буындардағы ауыру, бетті әжім басу және т.б.
Бұл кезеңді екі фазаға бөлуге болады: меноүзіліс алды және меноүзіліс соңғы.
Меноүзіліс алды – бұл бастапқы кезең. Аталған кезеңде аналық без өз қызметін біртіндеп азайта бастайды. Бұл кезеңге етеккір аралығының және ұзақтығының, сыртқа шығатын қанның мөлшерінің өзгеруі тән. Кезеңнің екі жылдан алты жылға дейін созылуы мүмкін.
Меноүзілістен соңғы фаза – бұл соңғы етеккірден аналық без қызметінің аяқталуына дейінгі кезең, сегіз жылға дейін созылады.
Климакстың басталуының орта жасы – 50 жас. Ерте климакстың 35-40 жаста, соңғының – 55-65 жаста туындауы мүмкін. Емін акушер-гинеколог дәрігер жүргізеді.

Сабира Шермаганбетовна НУРМАГАНБЕТОВА,
акушерка,
“№4 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет klimakspms.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.04.2015)
Просмотров: 2978 | Теги: фазалары, нурмаганбетова, климакс, сабира | Рейтинг: 1.7/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]