Иерсениоз өзіне тән қоздырғыш шақыратын жұқпалы кесел.
Мейірбикелік күтім ерекшеліктері:
- дерттің клиникалық біліністерінің барлық кезеңінде төсектік режімнің сақталуын қадағалау;
- диарея мен құсу кезінде бөлінген сұйықты есептеу (әрбір 2-4 сағат сайын);
- пациенттің кеселдің жедел кезеңінде Певзнер бойынша №4 столды сақтауын бақылау;
- пациенттің дәрілерді мейірбикенің көзінше ішуін қадағалау;
- буын ауырғанда құрғақ жылумен қыздыру;
- тамақ ішкеннен соң ауыз қуысының туалетін жүргізу;
- күнделікті мейірбикелік тексеруді атқару, пациенттің проблемаларын айқындап, оны шешудің жолдарын іздестіру.
Гульмира Уткельбаевна ЕРГАЛИЕВА,
мейірбике,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Сурет fb.ru сайтынан алынды
|