Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Іріңді жараларға күтім жасау

Іріңді сулы жараларды күнделікті және кейде таңудың сулануы мен іріңдеу шамасына қарай күніне бірнеше рет жасайды. Бұл кезеңде фурациллин мен гипертониялық ерітіндінің 1: 1 қатынасындағы ерітіндісі бар таңу немесе суға еритін жақпа майлармен (левосин, левомиколь және с.с.) жағу таңуын жасаған жөн. Жараны аптасына 2-3 рет жуған дұрыс: жараны марганцовканың жылы әлсіз-қызғылт ерітіндісімен дымқылдайды (егер жара үлкен болса, дененің зақымданған тұсын марганцовкасы бар ыдысқа салады). Одан соң жараны стерильді сулықпен құрғатады және оған дәрі-дәрмектермен таңып-байлау жасалады.
Ашық жараға Вишневский майымен таңу жасауға болмайды. Жараның жазылу кезеңінде, ол енді суланбаған, шетінен жабыла бастаған кезінде ылғалдаудың қажеті жоқ. Таңуды екі-үш күнде бір рет жасайды және оның бетіне майда еритін жақпа майлар немесе солкосерилдік, актовегиндік май, винилин және т.б. жағылады. Кез келген күмәндануда хирургке қаралу қажет.

Нурсулу Аманбаевна ТАГИБЕРГЕНОВА,
хирургиялық кабинет мейірбикесі,
облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы  

Сурет zapdoc.ru сайтынан алынды

 

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.03.2015)
Просмотров: 3101 | Теги: іріңді жаралар күтімі, нурсулу, тагибергенова | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]