Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Инсульттегі мейірбикелік көмек

Инсульт кеселінде, яғни ми қан айналымының жедел бұзылысында (МҚАЖБ) алғашқы көмектің дер кезiнде көрсетілуiнің мәні зор. Сауатты және шұғыл көрсетілген көмек кейінгі зардаптардың аз болуына ықпал етеді.
Мейірбикелік көмек
- науқасты төсекке жатқызып, оның денесін бүйiрiне бұрады. Өйткені құсу массаларының тыныс алу жолдарына түсіп сырқаттың тұншығып қалуы мүмкін.
- ауызында тіс протезі болса алып тастайды және ауыз қуысын жиналған сілекейден, кілегейден тазартады.
- науқастың айналасында артық шу болмауын, тыныштық сақталуын қамтамасыз етеді.
- қан қысымы (ҚҚ) өлшенеді, тамыр соғысы мен тыныс алу жиілігі есептеледі.
- Егер систоликалық ҚҚ 180-190 ммсынбағ-нан, ал диастоликалық қысымы 100-110 ммсынбағ-нан артық болса гипотензивтік бұйымдар беріледі. Қан қысымын күрт төмен түсiрудің (160/90 ммсынбағ-нан аз) мидың ишемиясын күшейтетіні ескеріліп, ҚҚ бұл көрсеткіштен төмендетілмейді.
- науқасқа глициннің 2-4 таблеткасы беріледі.
- одан арғы әрекеттер дәрігер нұсқауы бойынша жасалады.

Альфия Сәрсенғалиқызы ҚОЙШЫҒҰЛОВА,

мейірбике,
“Мәдениет” дәрігерлік амбулаториясы,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет medvesti.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (08.04.2015)
Просмотров: 1010 | Теги: мейірбикелік көмек, МҚАЖБ, ми инсульті, қойшығұлова, альфия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]