Жұқпалы аурулардың түрлерін ажыратуға арналған сыныпталуда (классификацияда) қоздырғыштың адам организмінде орналасуына, оның сыртқы ортаға бөліну тәсілдеріне және жұғу жолдарына мән беріледі.
Инфекциялық аурулардың 4 тобы болады. Олар:
1) ішектік жұқпалар. Бұларға нәжістік-ауыздық (фекалдық-оралдық таралу жолы, асқазан-ішек жолдары – тракты арқылы жұғу тән);
2) тыныс жолдарының жұқпалары (таралудың ауалық-тамшылық жолы, жоғары тыныс алу жолдары арқылы жұқпалану);
3) қандық жұқпалар (қан арқылы - трансмиссивтік таралу жолы, көбіне қан соратын насекомдармен берілу);
4) сыртқы тері жамылғыларының жұқпалары (таралудың контакттық жолы, тері немесе шырышты қабық арқылы жұқпалану).
Мұндай жұқпалы аурулардың түріне бөлуден басқа адамға жұғатын және оларды ауыртатын барлық инфекциялық кеселдерді эпидемиологияда тағы 2 топқа бөледі.
Адамға тән және адамнан адамға берілетін жұқпалы дерттерді антропоноздар деп атайды.
Ал зооноздар – бұл адам оларды қабылдауға бейім жануарларға тән инфекциялық кеселдер.
Гулайна Дауылбаевна АКИШЕВА,
мейірбике,
бокс бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Сурет xn----7sbbnedsaspp4bidbq2d6j.xn--p1ai сайтынан алынды
|