Инъекция жасағанда түрлі асқынулардың болуы мүмкін. Олардың көбісі аталған манипуляцияларды орындау кезіндегі техникалық ақаулармен сабақтас болады. Нақты асқыну дәрілік препараттың инъекция жасалған сол ортаға емес енгізілуі немесе түсуі. Мысалы, тек венаның ішіне енгізілуге арналған кейбір дәрілік бұйымдардың (мәселен, кальций хлоридінің) тері астының майлы қабатына түсуі соңынан некрозды ілестіруі мүмкін. Тері асты инъекцияларында майлы ерітінділердің қан тамырларының қуысына түсуі өкпе артериясының тармақтарының май тамшыларымен бітелуімен қауіпті (майлы эмболия). Ауалық эмболия кейде қан ағысына ауа көпіршіктері түскен кезде туындайды.
Егер асептика мен антисептика ережелері сақталмаса, тіндердің ұшы мүжілген инелермен жарақаттануы, аса салқын ерітінділерді қолдану, әсіресе майлы инъекцияның орнында тығызданудың (инфильтраттардың) дамуын шақыруы ықтимал.
Кейбір жағдайларда олар іріңдеп, инъекциядан кейінгі абсцесске өтеді. Инъекция кезіндегі қан тамырларының зақымдануы кейін гематома түзілуімен бірге қан кетудің туындауына жетелеуі мүмкін. Венаның жақтауының қабынуымен және оның қуысының тромбозымен (флебит, тромбофлебит) асқынатын мұндай гематомалар кейде көктамырды сәтсіз пункциялауда байқалады (екі жақтауын тесіп өту).
Кез келген инъекцияларды (теріастылық, бұлшықетішілік, венаішілік) орындау кезінде иненің сынуы мүмкін. Бұл асқыну иненің өзіндегі ақаудан және манипуляцияны дөрекі жүргізу нәтижесінде бұлшықеттердің күрт рефлекторлық жиырылуынан пайда болады.
Кейбір инъекциялық асқынулар дәрілік препаратты тікелей енгізумен сабақтас. Медициналық қызметкердің ұқыпсыздығынан науқасқа күшті әсерлі препараттың аса үлкен дозасының немесе қателесіп басқа препараттың енгізілуі мүмкін.
Дәрілік препаратты қолдану кезінде аллергиялық реакциялар да болады. Оларға жедел крапивница, Квинке ісігі, буылтықты эритема және т.б. жатады. Аса қауіпті аллергиялық реакция бұл – анафилактикалық шок. Мұнда шұғыл көмек көрсетілмесе адамның өліп кетуі мүмкін.
Аида Женисовна АБДИХАЛЫКОВА,
мейірбике,
“Достармед-Line” клиникасы ЖШС
Сурет www.diapazon.kz сайтынан алынды
|