Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Иерсениоздық жұқпа (инфекция): ішек иерсениозы, псевдотуберкулез

Иерсениоздар – адамның сапрозооноздық кеселдер тобына жатады. Ол клиникалық біліністерінің сан алуандығымен (полиморфизмімен) және созылыңқы, созылмалы ағымымен сипатталады.
Дерт көзі: ауыл шаруашылық жануарлары, сирегірек – кеміргіштер. Науқас адамның жұқпа көзі ретінде мәні аздау. Псевдотуберкулезде инфекцияның негізгі көзі - кеміргіштер.
Берілу факторларындағы жетекші рол термикалық өңдеусіз тұтынылатын көкөністерге, кейде қоймада ұзақ сақталған көкөністерге (алмаларға) тиесілі.
Берілу механизмі – фекалды-оралды. Жасырын кезеңі 15 сағаттан 4 күнге (көбінесе 1-2 тәулік) тең.
Клиникасында кейбір жағдайларда бауырдың, сирегірек – талақтың ұлғаюы байқалады. Бөртпе шығады және ішкі ағзалар мен жүйелердің зақымдану белгілері (артрит, гепатит, сирегірек – менингиттер, көздің зақымдануы) байқалады.
Кесел септикалық, гастроинтестиналдық, экзантемалық, сарғаю, скарлатина сияқты формаларда өтеді.    


Орынбасар Дайрабаевна КУРМАНБАЕВА,
мейірбике,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет nebolet.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (01.04.2015)
Просмотров: 944 | Теги: псевдотуберкулез, курманбаева, орынбасар, иерсениоз | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]