Бұл зерттеу көмірсу алмасуының жасырын бұзылыстарын, қант диабетінің бастапқы формаларын анықтау үшін қолданылады. Сусамырға аздап күмәндану болған барлық адамдарға ұсынылады.
Тест кеселді ерте сатысында аңғаруға, сол себепті барынша ықпалды ем жүргізуге мүмкіндік береді.
Пациентті тестті өткізуге дайындау қажет:
- пациент тестілеу нәтижесіне әсер етуі мүмкін басқа кеселдердің болуына тексерілуі тиіс;
- тестті өткізуге дейінгі 3 тәулік бойына пациенттің тағамдануы әдеттегідей болуы керек (көмірсуларды тұтыну тәулігіне/150 г-нан кем емес);
- пациенттің денелік белсенділігі әдеттегідей болуы қажет;
- тест өткізуден үш күн бұрын оның нәтижесіне әсер етуге қабілетті барлық препараттарды алып тастаған жөн;
- зерттеу ашқарында 8 және 11 сағат аралығында өткізіледі;
- тексеру алдында пациент тесттің басталуынан ең кемі 10 сағат, бірақ 16 сағаттан астам емес уақытта тамақ ішпеуі тиіс;
- тест өткізу кезінде пациенттің жайлы жағдайда болуы керек. Темекі тартуға және алкоголь тұтынуға болмайды.
Глюкозаға толеранттыққа тест былайша өткізіледі:
- пациенттен қанды ашқарында алады;
- одан соң пациентке 300 мл суда ерітілген 75 г глюкозаны ішуге береді (дене салмағы 75 кг-нан жоғары болғанда дененің 1 келісіне 1 г глюкоза қосылады, бірақ глюкозаның жалпы мөлшері 100 г-нан аспауы қажет);
- глюкозаның ерітіндісін пациент 3-5 минут ішінде ішуі керек;
- одан соң талдауға қан сынамасы 30, 60, 90 және 120 минуттен соң алынады (қарапайым кестеде - 1 және 2 сағат сайын).
Тестті бір айдан ерте қайталап алуға болмайды.
Загира Хамитовна НЕСИПБАЕВА
фельдшер-лаборант,
"Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары” АҚ
Қызылорда филиалы
Сурет med-therapia.ru сайтынан алынды
|