Адамның хәлінің нашарлауымен бірге жүретін артериалды қысымның кенеттен күрт артуын гипертониялық криз деп атайды. Бұл жағдайдың қауіптілігі сонда, ішкі ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуі қатты нашарлайды және ауыр асқынулардың пайда болуы ықтимал (инсульт, миокард инфаркті, аритмия, өкпенің ісінуі және т.б.).
Гипертониялық криздің белгілері:
- артериалды қысымның шұғыл көтерілуі;
- күшті бас ауыруы;
- бас айналу;
- қорқыныш, мазасыздану сезімі;
- беттің қызаруы, беттің ісінуі мүмкін;
- жүрек айнуы;
- құсу (әр кезде бола бермейді);
- ентігу;
- жиілеген жүрек соғуы;
- кеудедегі ауыру (кейде).
Мейірбикелік көмек.
Гипертониялық кризде жедел жәрдемді шұғыл шақыру керек. Дәрігер келгенше:
1. Науқасты көлденең кейіпте жатқызу, арқасының астына жастық қою (жартылай отыру кейіпін беру);
2. Таза ауаның келуін қамтамасыз ету (мысалы, терезені ашу);
3. Кеудесін қысқан киімдерден босату (жаға ағыту, белбеу шешу), науқастың балтырын және табанын қымтау, аяқтарына жылытқыш немесе ыстық суы бар бөтелке қою;
4. Науқасқа өзі әдетте қабылдап жүрген гипотензивтік препараттың кезектен тыс дозасын беру;
5. Кеудесінде ауыру туындағанда сырқатқа тілінің астына бір таблетка нитроглицерин салу;
6. Науқасқа психологиялық демеу көрсету.
Гипертониялық кризде науқасқа бұрын қабылдамаған дәрілерді беруге және симптомдардың өздігінен кетеді деп үміттеніп дәрігерге қаралу уақытын созуға болмайды.
Аида Женисовна АБДИХАЛЫКОВА,
мейірбике,
“Достармед-Line” клиникасы ЖШС
Сурет www.syl.ru сайтынан алынды
|