Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гипертониялық криздегі дәрігерге дейінгі көмек

Гипертониялық криз – бұл артериалды қысымның науқасқа үйреншікті деңгейден күрт жоғары және елеулі көтерілуі. Әдетте гипертонияның асқынуында пайда болады. Ол бас ауруымен, бас айналуымен, бастағы шуылмен, көз алдында “шіркейлердің” көлбеңдеуімен, кейде құсумен бірге жүреді.
Дәрігерге дейінгі көмек
Гипертониялық кризде өзіне алғашқы көмекті науқастың өзі көрсетеді, қан қысымы өлшенеді, қажетті препараттар (клофелин, эналаприл) ішіледі. Тек препараттың бірі таңдалады. Кеуде ашып ауырғанда және ентігуде тіл астына нитроглицерин таблеткасы салынады. Шұғыл көмек үшін “жедел жәрдем” шақыру қажет.
Мейірбике іс-әрекеті
- артериалды қысымды өлшеу;
- науқасты бас жағын жоғары етіп, оған толықтай психикалық және денелік тыныштану кейіпін беріп жатқызу;
- таза ауаның келуін қамтамасыз ету, оттегі ингаляциясын нұсқауға болады;
- желке және балтыр бұлшықеттеріне қыша қойылады;
- аяққа ыстық немесе қышалық ванналар, қолға жылы ванна, басқа суық компресс қойылады;
- дәрігердің нұсқауы бойынша қажетті дәрілер дайындалады.     

Анар Кодаровна БАЙНАКАТОВА,
терапиялық кабинет мейірбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы 

Сурет www.medicus.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (12.04.2015)
Просмотров: 2029 | Теги: гипертониялық криз, Анар, байнакатова, дәрігерге дейінгі көмек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]