Гипертониялық кесел – iшкi ағзалардың қандай да бiр белгiлi ауруларымен сабақтастығы жоқ артериалды қысымның артуымен сипаттталатын жалпы дерт. ДДСҰ жоғары қан қысымы деп (жас шамасына қарамай) 140/90 ммсынбағ үлкен қысымды есептейдi.
Мейiрбикелiк араласулар:
- пациентпен/отбасымен тұзы шектелген (тәулiгiне 4-6 г/астам емес) диетаны сақтау қажеттiгi туралы сұхбат жүргiзу;
- аялаулы күн режiмiнiң қажеттiгiне пациенттiң көзiн жеткiзу (қызметтiк және үй жағдайларын жақсарту, жұмыс жағдайларын өзгерту және с.с.);
- жеткiлiктi ұйқыны қамтамасыз ету, бөлменi желдету, алаңдататын телебағдарламаларды көрмеу;
- дене кернеуi мен алаңдауды алып тастауға арналған босаңсу тәсiлдерiне пациенттi үйрету;
- қан қысым деңгейiне шылымқорлық пен алкогольдiң зиянды әсерi туралы пациенттi ақпараттандыру;
- гипертониялық кесел асқынулары туралы сұхбат жүргiзу;
- пациенттiң дене массасын, күн режiмi мен диета сақтауын қадағалау.
Айжан АЛЖАНОВА,
мейірбике,
“Қожакент” ауылдық ауруханасы,
Жаңақорған ауданы
Сурет insultanet.ru сайтынан алынды
|