Гипертониялық ауруда (ГА) пациенттің мынадай проблемалары болады: артериалдық қысымның (АҚ) көтерілуі туралы мәліметтің жоқтығы; оның қан қысымын жоғарылатуға ықпал ететін факторларды білмеуі; жоғары қан қысымы жетелейтін асқынулардан хабарсыздығы; бас ауруы; мазасыздану, алаңдау жағдайлары; ұйқысының бұзылуы; көруінің нашарлауы; тұрмыс, еңбек ету, тағамдану режімін сақтау қажеттігі; дәрілік препараттарды қабылдау қажеттігі.
Бұл проблемаларды ескере отырып мейірбике төмендегідей әрекеттер жасайды:
- пациентті кернеу мен алаңдауды алып тастауға арналған босаңсу (релаксация) әдістеріне үйрету;
- еңбек ету, тынығу, диета сақтау; темекі тарту мен алкогольдің артериалды қысымды көтеруге әсері және дәрілік препараттарды жүйелі қабылдау мен дәрігерге тұрақты қаралудың маңызы туралы сұхбаттар өткізу;
- пациент пен оның отбасы мүшелерін тамыр соғу жиілігі мен қан қысымын өлшеуге, гипертониялық криздің алғашқы белгілерін танып білу және алғашқы көмек көрсету тәсілдеріне үйрету;
- пациенттің дене салмағын және оның диурезін бақылау;
- пациентті қажет зертттеулерге дайындау;
- пациенттің қозғалыс режімін сақтау барысын қадағалау.
Зухра Тажимуратовна ЖАРМАГАНБЕТОВА,
мейірбике,
«Жетес би» ауылдық емханасы,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы
Сурет biocentr.org сайтынан алынды
|