Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гипертониялық аурудағы мейірбикелік күтім

Пациентте жоғары артериалды қысым туралы мағлұмат болғанда мейірбике оны кернеу мен алаңдауды алып тастау үшін босаңсу (релаксация) әдісіне үйретеді.
Сырқатпен еңбек ету мен тынығудың, диета сақтаудың маңызы, темекі тарту мен арақ ішудің көтеріңкі артериалды қысымға кері әсері, дәрілік препараттарды жүйелі қабылдау мен кезең сайын дәрігерге қаралудың мәні мен маңызы жөнінде сұхбат өткізіледі.
Пациенттің отбасы мүшелерін тамыр соғысын анықтау мен артериалды қысымды (АҚ) өлшеуге, гипертониялық криздің (ГК) алғашқы белгілерін танып-білуге, гипертониялық криз кезінде дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсете білуге үйрету қажет.
Сондай-ақ пациенттің дене массасы мен оның диурезі қадағаланады, сүлік салу процедурасы атқарылады.
Пациенттің қозағлыс режімін сақтауы бақылауға алынады.
Пациенттерді зәр талдауы, қан талдауы, электрокардиограмма (ЭКГ), жаңғырық-КГ және т.б. тексерулерге дайындау жүргізіледі.   

Жанагуль Танбаевна ТУРДИЕВА,
мейірбике,
“№3 Қызылорда қалалық емханасы” ШЖҚ МКК

Сурет insultanet.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.06.2015)
Просмотров: 990 | Теги: турдиева, жанагуль, АҚ, экг, жаңғырық-КГ, Гк | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]