Медицинада гипертермия деп басы артық жылудың жиналуын, яғни дененің қызуын айтады. Бұл дене температурасының жылдам және күрт артуымен білінеді. Алғашқы шұғыл көмек дене қызуы 38,5оС-ден жоғарылағанда көрсетіледі. Гипертермияның қызыл және ақ түрі болады.
Қызыл гипертермияда науқастың денесі оттай жанып, терісі қатты қызарады.
Шұғыл көмек
- салқын суды молынан ішкізу. Газдалған және тәтті сусындарды беруге болмайды;
- сырқатты қымтап орамау қажет, керісінше оны жалаңаштап шешіндірген жөн;
- салқындатудың түрлі тәсілдерін қолдану, шүберекті суық суға малып, маңдайына қою. Мұны шапқа, мойынға жасауға болады;
- термометр бағанасы 39оС белгісіне жеткенде ыстық түсіретін препараттар беріледі.
Егер бұл әрекеттер нәтиже бермесе, қызу одан әрі көтерілсе “жедел жәрдем” шақырылады.
Сауле Капановна АБСАДЫКОВА,
анестезистка,
реанимациялық және анестезиологиялық бөлімше,
облыстық медицина орталығы
Сурет www.polismed.com сайтынан алынды
|