Гипергликемиялық (диабеттік) комасы бар науқастың анамнезінде қант диабеті (сусамыр) дерті болады. Коматоздық жай-күй дамығанда мынадай симптомдар білінеді: әлсіздік, қатты шаршау, тәбетті жоғалту, үздіксіз құсу, терінің құрғауы, шөлдеу, жиі және мол зәрге шығу, қан қысымының төмендеуі, тахикардия, жүректің ауыруы, адинамия, ұйқы басу, сопор, кома. Сырқаттың терісі құрғақ, еріндері кеберсіген, жарылған. Тілі алқызыл түсті, лас-сұрғылт тұнба басқан. Сыртқа шығарылатын демінде ацетонның иісі байқалады. Көз алмасының тонусы күрт төмендеген (қолға ұстағанда жұмсақ).
Шұғыл көмек. Іс-әрекет реттілігі:
1) натрий хлоридінің 0,9%-тік ерітіндісінің көмегімен регидратация жүргізу. Сұйық вена ішіне тамшылатып 15 минутке 200 мл жылдамдықпен қан қысымы деңгейін және өз бетінше тыныс алуды қадағалап атқарады (тез регидратация жасалғанда мидың ісінуі мүмкін)
2) реанимациялық бөлімшеге қабылдау бөліміне соқпай шұғыл госпитализациялау. Науқасты зембілде, жатқан күйінде жеткізеді.
Гульнар Ерлегеновна АХМЕТОВА,
шақыру фельдшері,
Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем стансасы
Сурет zdorovbudu.com сайтынан алынды
|