Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ГИНГИВИТТІҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ

Гингивит – бұл ісінумен, қызарумен және қанауға бейімділікпен бірге жүретін қызыл иектің қабынуы. Гингивит көбіне пародонтиттің немесе пародонтоздың белгісі ретінде болады.
Гингивиттің катаралды, ойық жаралы-некротикалық, гипертрофиялық және атрофиялық түрлері болады. Дерт формасы бойынша жедел және созылмалы болып келеді. Гингивиттің созылмалы формасы әдетте қыста және көктемде асқынады (бұл қызыл иектің қанауының күшеюімен байқалады) және ересек адамдарда жиі білінеді.
Катаралды формадағы үдерісте қызыл иектің қызаруы, ісінуі, қанауы жүреді. Ойық жаралы-некротикалық гингивитте галитоз (ауыздан жағымсыз иістің шығуы), қызыл иектің қатты ауыруы болады. Организмнің жалпы жағдайы да нашарлайды: науқас жалпы әлсіздікті сезінеді, дене қызуының 39оС-ге дейінгі көтерілуі, лимфа бездерінің ұлғаюы мүмкін.
Гингивиттің профилактикасы үшін мынадай қиын емес ережелерді орындаған жөн:
- стоматолог дәрігерде жүйелі тексеруден өту;
- тістегі қалташықтарды күнделікті тіс пастасының және жібек жіптің көмегімен алып тастау;
- стоматологта әрбір 3-6 ай сайын тістерді тазартып тұру.

Гулнар МУСТАФИНА,
мейiрбике,
"облстомполиклиника" РМК

Сурет www.32dent.ru  сайтынан алынды

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (17.03.2015)
Просмотров: 1115 | Теги: гингивит, Гулнар, галитоз, алдын алу, мустафина | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]