Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гинекологиялық операциядан соңғы мейірбикелік күтім

Науқас әйелдi операциядан кейiнгi палатаға алып келгеннен соң мейiрбике оның аяғына жылытқыш қояды. Жылытқышты наркозда жатқан әйелде күйiк болмау үшiн көрпешенiң үстiне орналастырады. Iшiне жаялыққа оралған мұзы бар қауашақ қояды. Әдетте суық операциядан кейiнгi 3-6 сағатқа есептеледi. Мұзы бар қауашақты әрбiр 1,5-2 сағатта 25-30 минутке алып тастау керек.
Науқастың жай-күйi нашарлағанда, тамыр соғысы, артериалдық қысым тарапынан өзгерiстер болғанда, әсiресе қан қысымы төмендегенде, тыныс алуы бұзылғанда, сыртқа қан кеткенде немесе iшкi қан ағу белгiлерi болғанда мейiрбике бұл туралы дәрiгерге қажетiнше шара қолдануы үшiн шұғыл хабарлауы тиiс.
Науқаста тұрақты катетер болған кезде оны ұдайы бақылап, зәрдiң бөлiнуiн, оның бiтелмеуiн қадағалайды. Кейде наркоздан соң тiл құлауына байланысты асфиксия байқалады. Мейiрбикенiң бұл жөнiнде ұмытпағаны дұрыс.
Наркоздық ұйқыдағы науқастар қозулы күйде болғанда оларды иық, бiлек және тiзе буындарынан демеп ұстауға тура келедi.
Науқас әйел наркоздан оянғаннан соң өзiн тыныш ұстайды, оған аяқтарын тiзе және жамбас буындарында бүгуге рұқсат етiледi.
Әлсiреген науқастардың тiзесiнiң астына жастық немесе бүктелген көрпеше қойылады.
Сырқат әйелді операциядан соң қойылған диагноз және жасалған операция туралы мәлiмет қызықтыруы мүмкiн. Мейiрбике бұл мәселе бойынша ақпаратты тек дәрiгер ғана бере алатынын ескертедi.

Жанат Абдуганиевна СЫЗДЫКОВА,
мейірбике,
гинекологиялық бөлімше,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Шиелі аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Шиелі ауданы

Сурет udoktora.net сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 2697 | Теги: жанат, мейірбикелік күтім, сыздыкова, гинекологиялық операция | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]