Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гинекологиялық кеселдердің профилактикасы

Гинекологиялық кеселдер – бұл әйелдің жыныс ағзаларының аурулары. Көбіне қабыну дерттері ұшырасады. Дерттер қоздырғыш-микробтарға байланысты санаттарға бөлінеді.

Олардың негізгі топтары:
- ерекшеліктік кеселдер (туберкулез, хламидиоз және с.с.);
- ерекшеліктік емес кеселдер;
- венерикалық дерттер.
Жыныс ағзаларының ісіктері де барынша кең тараған топты құрайды. Олар көбіне аналық бездер мен жатырды, кейде жатыр түтігін, қынапты және сыртқы жыныс ағзаларын зақымдайды. 
Гинекологиялық эндокриндік кеселдерді жинайтын факторлар:
- етеккір (менструалдық) циклдің бұзылуы;
- нейроэндокриндік синдромдар;
- сыртқы жыныс ағзаларының ауытқулары (аномалиялары) мен олардың орналасуының өзгеруі.
Гинекологиялық кеселдердің алдын алу үшін мыналарды жасау керек:
- инфекциялық және басқа кеселдерді дер кезінде емдеу;
- денсаулықты құрсақішілік даму кезеңінен бастап қорғау;
- босану жарақаттарының салдарын дер кезінде емдеу;
- салауатты өмір салтын ұстану (оның ішінде денені шынықтыру);
- жалпы гигиена, жыныстық өмір мен жыныстық ағза гигиеналарын сақтау.
Гинекологиялық кеселдердің ерте диагностикасы мен профилактикасында әйелдерді кең көлемді алдын ала қарау, стационарлық және амбулаториялық гинекологиялық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру маңызды. 

Кодича Абзаловна АМИРОВА,
акушерка,
«№6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК

Сурет doverie.pro  сайтынан алынды

  

 
Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (18.08.2015)
Просмотров: 960 | Теги: гинекологиялық кеселдер, амирова, алдын алу, кодича | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]