Гестоздан, әсіресе оның соңғы түрінен жапа шегетін екі қабат әйелдер ерекше күтімге мұқтаж. Олардың тамақ ішуі, салмағы, қан қысымы (күніне 2 реттен кем емес өлшеу), тәуліктік диурезі, зәрде ақуыздың (белоктың) болуы қадағаланады. Палатада тыныштық жағдай сақталуы тиіс және бөлме көлеңкеленеді.
Әсіресе әйелдерге эклампсия ұстамасында айрықша күтім қажет. Бұл сағат сайынғы диурезді, тамызғышты, төсектің дер кезінде ауыстырылуын, ұстама кезінде енгізілген ауыз кеңейткіш пен тіл қысқышты бақылау, қан қысымын, дер кезінде дәрілік заттардың берілуін қадағалау. Олардың жағдайы, жүктілік нәтижесі, баланың өмірі мұндай әйелдерге жасалған күтімге байланысты.
Гестоздың профилактикасы әйелдер консультациясында мұқият бақылауға, гестоздың аздаған біліністерін дер кезінде анықтауға, мұндай жүкті әйелдерді екі қабаттылық патологиялары бөлімшесіне дер кезінде жатқызуға қатысты болады.
Гулназ Оразбековна ТИЛЕУБАЕВА,
аға мейірбике,
жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі,
“Ана мен бала орталығы”
Сурет www.kabinetginecologa.ru сайтынан алынды
|