Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Героиндік нашақорлықтың зиянды салдары

Героин – бұл апиын магінен алынатын химиялық зат. Героинді негізінен көк тамырға (венаға) егіп, қолданады, сирегірек мұрын арқылы ішке тыныстайды. Героиндік нашақорлықтан бүкіл әлемде миллиондаған адам зардап шегеді. Героин тиым салынған есірткі болып табылады. Героин күшті тәуелділік шақырады. Препаратты қабылдауды тиған кезде күшті және өте ауыр сынбалы морт сынулар туындайды.
Көшеде героинге кейде стрихнин және басқа улы қоспалар «араластырылады». Героинге қосылған әр түрлі қоспалар толықтай ерімейді, және денеге түскенде, өкпеге, бүйрекке және миға баратын қан тамырларын бітеп тастауы мүмкін. Көшеден героин сатып алған нашақор улану немесе тіпті есірткіде болатын улардан өлу қауіпін иеленеді. Шектен тыс доза қабылдаудан лезде өлім тууы мүмкін. Героинді қабылдаудан алғашқы әсер (эффект) – эйфория. Бірақ ол ұзаққа созылмайды. Адамның ауызы құрғап, қарашықтары кішірейеді, қышу басталады. Құсуы мүмкін.
Алғашқы әсер бәсеңдегеннен кейін нашақор бірнеше сағатқа «жынынан айрылған бақсыдай» (апатиялық) күй кешеді. Тыныс алу және жүрек соғу сияқты дененің негізгі қызметтері баяулайды.
Героин қабылдаудың әсері бәсеңдегеннен бірнеше сағат бойына нашақордың денесі есірткіге деген күшті мұқтаждықты бастан кешіреді. Егер ол героинды қабылдамаса, морт сыну басталады. Морт сыну егер организм героинді ала алмаса, жалғаса беретін аса ауыр физикалық және ақыл-ой симптомдарымен (белгілерімен) білінеді.
Героинді ұзақ уақыт тұтынғанда бүкіл организм зардап шегеді. Әрине, веналар мен қан тамырлар бірден бүлінеді. Қанның зақымдануы – героиндік нашақорлар арасындағы жиі құбылыс. Сондай-ақ ортақ шприцті қолдану нәтижесінде – АИТВ (ВИЧ), гепатиттер пайда болады.

Жанат Талгаповна АБУОВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет bigpicture.ru сайтынан алынды

жанат, абуова, героиндік нашақорлық, эйфория, морт сыну

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1055 | Теги: жанат, эйфория, морт сыну, героиндік нашақорлық, абуова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]