Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гастрит кеселі жөнінде

Жер шары тұрғындарының толықтай тең жартысы қарын-ішек жолдарының кеселдерінен жапа шегеді. Статистикаға сүйенсек, асқазан-ішек кеселдерінің құрылымында 80%-тен астам үлес иеленеді.
Бүгінде бұл елеулі дертке тек ересектер ғана емес мектеп жасындағы балалар да шалдыққан.
Гастриттің пайда болуының кең тараған себебі – тағамданудың дұрыс емес режімі: асығып тамақтану, толық шайналмаған ас немесе құрғақ тамақтану; өте ыстық немесе аса суық, ащы және көп тұздалған тағамды қабылдау.
Кесел көбінесе нервтік-психикалық кернеуде болған, сау тағамдануды елемейтін, алкогольді және темекіні шектен тыс тұтынатын адамдарда жиі кездеседі.
Гастритке шалдыққандардың арасында созылмалы гастрит 80-90%-інде, “рак алды жағдай” деп аталатын атрофиялық гастрит 30-дан жас адамдарда 5% оқиғада, 31-50 жас аралығында 30% оқиғада және 50 жастан асқан пациенттерде 50-70% оқиғада ұшырасады.

Калдыгул Залиевна ДОСЕКОВА,
мейірбике,
“Мәдениет” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет eco-siberia.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (24.03.2015)
Просмотров: 878 | Теги: калдыгул, досекова, гастрит кеселі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]