Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Гарднереллездің алдын алу

Гарднереллездің профилактикасы тым қарапайым және ықпалды. Адам ең алдымен тұтастай өз организміне, атап айтқанда несеп-жыныс жүйесіне жауапты болуы тиіс. Гарднереллездің дамуының басты себебі қынап микрофлорасының өзгеруіне және гормоналдық бұзылыстарға жетелейтін иммунитеттің төмендеуі болып табылатындықтан иммундық жүйені нығайтуға жете көңіл бөлу қажет.
Бұл бірінші кезекте сау және дұрыс өмір салты – зорығу мен стресстің болмауы, дұрыс сау тамақтану, жеткілікті ұйықтау, таза ауада серуендеу және с.с. Жыныс ағзаларына суық тигізбей, олардың дұрыс гигиенасын қатаң сақтау.
Тұрақты дені сау серіктеске адалдық, “көңілге қонымды жыныстық мінез-құлық” – профилактиканың ең тиімді тәсілі. Кездейсоқ жыныстық контактта мүшеқап пайдаланған жөн.
Кез келген әйел қынаптың бөлінісіне назар аударып, оның қандай да бір бұзылыстың белгісі болмауына көз жеткізуі қажет. Гарднереллездің көбіне симптомсыз өтетінін ескеріп, күмән жағдайда дәрігерге қаралған жөн.    

Гульсум Жартаевна ЖАЛМУРЗАЕВА,
мейірбике,
диспансерлік бөлім,
“облыстық тері-венерологиялық диспансері” ЖШҚ МКК
 

Сурет simptom.org сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (03.04.2015)
Просмотров: 881 | Теги: гарднереллез, жалмурзаева, алдын алу, гульсум | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]