Флюорография (ФЛГ) – бұл кеуде клеткасының ағзаларын тексерудің профилактикалық әдісі. Ол рентгендік сәулелендіру көмегімен жүргізіледі. Рентген сәулесі адамның денесі арқылы өтіп бірдей емес жұтылу нәтижесінде флюороценттік экранда көзге көрінетін сурет береді.
Флюорографияның екі түрі бар – таспалық және сандық. Сандық ФЛГ соңғы кездері таспалық ФЛГ-ның орнын біртіндеп алмастырып келеді. Өйткені оның бірнеше артықшылықтары бар: ол организмге түсетін сәулелік жүктемені азайтуға ерік береді және суретпен жұмыс істеуді жеңілдетеді.
ФЛГ зерттеу арқылы тыныс алу жүйесінің көптеген кеселдерін, оның ішінде туберкулезді және қатерлі ісіктерді анықтауға болады.
ФЛГ зерттеуден өтудің стандартты жиілігі – жылына 1 рет. Дегенмен, адамдардың мына топтарына ФЛГ-дан жылына 2 рет өтуге тура келеді:
- туберкулездік диспансерлердің, санаторийлердің, перзентханалардың және с.с. қызметкерлері;
- елеулі созылмалы кеселдері (астма, ойық жара және т.б.) бар пациенттер;
- бала бақша тәрбиешілері және с.с.
Алия Нажмадиновна ПАХРАДИНОВА,
флюорографиялық кабинет мейірбикесі,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК
Сурет tribuna-krutinka.ru сайтынан алынды
|