Қалыпты етеккір циклінің негізгі білінісі – тұрақты менструациялар – жыныс жолдарыныан қанды бөліністері болып табылады. Олар әрбір 21-35 күнде пайда болады және 3-7 тәулік бойына өтеді.
Егер етеккір қалыпты болса – бәрі өз ретінде, болмаса – менструалдық циклдің бұзылғаны.
Циклдің бұзылуының анық түрі – аменорея: етеккірдің жарты жылдан астам мүлдем болмауы. Одан басқа мардымсыз немесе мол етеккір және оның ретсіздігі (өте жиі немесе сирек) әйелді алаңдатуы тиіс.
Сондай-ақ 1-2 күн немесе бір аптадан астам болатын қан кетуден әйелдің қауіптенуі керек.
Етеккір циклінің бұзылысы – бұл кесел емес, тек ішкі жыныс ағзаларының жұмысындағы іркілістің болу белгісі.
Олардың жиі себептері:
- тұрақты стресстер немесе нерв жүйесінің зақымдануы;
- ішкі жыныс ағзаларының инфекциялық және жұқпалы емес кеселдері;
- басқа ішкі ағзалар мен жүйелердің елеулі дерттері (бауыр, бүйрек, өкпе, қан);
- ауыр жұқпалы аурулар;
- ата-тектік бейімділік;
- кейбір дәрілік препараттарды қабылдау;
- мекен-жайды күрт өзгерту;
- радиация мен улану;
- тиімсіз тағамдану (жүдеу немесе авитаминоз немесе керісінше - семіру).
Кейде етеккірдің елеусіз бұзылыстарының артында аса қауіпті аурулар тұрады: жатырдан тыс жүктілік, аналық бездің немесе жатырдың қатерсіз және қатерлі ісіктері, туберкулез, ми ісіктері.
Сондықтан кез-келген етеккір бұзылысында әйелдің акушер-гинеколог дәрігерге қаралуы тиіс.
Кодича Абзаловна АМИРОВА,
акушерка,
«№6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК
Сурет devita-clinic.ru сайтынан алынды
|