Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Естен айрылудағы алғашқы медициналық көмек

Естен танудың жәй естен танумен (тұтқиыл және қысқа мерзімді ес жоғалту), сондай-ақ басқа кеселдермен және зақымданулармен – бас сүйек-ми жарақаттарымен, инсультпен, миды қамтамасыз ететін қан тамырларының тарылуымен, эпилептикалық құрысулармен, электр жарақатымен және т.б. сабақтас болуы мүмкін. 
Жәй естен тану қанның өзара бөліну нәтижесінде миға қанның шұғыл келмеуіне байланысты болады. Оның ұзақтығы бірнеше секундтен бірнеше минутке (3-5) созылуы ықтимал.
Зардап шегуші күрт әлсіздікті, бас айналуын, көз алдының қарауытуын – кейде құлақтағы шыңылдауды сезінеді. Бозару, бетте тер тамшылары байқалады. Тамыр соғуы сирек, бұлшық ет тонустары төмендеген. Көлденең кейіпте науқастың есі тез қалпына келеді.
Алғашқы медициналық көмек:
Жәй естен тану білікті медициналық көмекті қажет етпейді. Зардап шегушіні басын төмен етіп (аяғын көтеріп, оның астына киім, сөмке және с.с. салып) жатқызады. Денесін қысқан киімдерден босатып, таза ауаның келуін қамтамасыз етеді. Мақтаны мүсәтір спиртіне батырып, мұрынға 1-2 рет иіскетеді.  

Куралай Турехановна ТУЛЕУОВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы

Сурет www.medweb.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.03.2015)
Просмотров: 1080 | Теги: естен айрылу, тулеуова, Куралай, алғашқы медициналық көмек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]