Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ҚОҒАМ

Нашақордың қалай жолын кесуге болады? Жолын кесу дегеніміз – бұл ауытқу дамуының негізгі бағыттарына болжам жасау, жаңа еліткіш заттар мен оның қасиеттерінің пайда болуын топшылау. Бұл әрекет егер жалпы қауым есірткі заттарын қолданудың өзекті мәселелері бойынша қанағаттанарлық деректерге ие болған жағдайда ғана жүзеге асады. Қоғам ынтасы тек нашақорлықтың жолын жабу ғана емес, сонымен қатар болашақта осы қауіптің алдын алуды нақты ұйымдастыруда жатыр.
Нашақорлықты күш қолдану арқылы жою әрекеттері онша жақсы нәтиже бере қоймайды. Тиым салу, шектеу, тартып алу, жою, ауруханаға жатқызу... Алайда, кенет тиым салу тәсілдері – мәселенің түйінін шешу емес екендігі белгілі болады. Мәселен, қасірет ошағының үстінен түскенде «біту жолына» түскендермен қандай жұмыс істеу керек екендігі жөнінде түсінбестік пайда болады.
Сондықтан нашақорлық, оның мазмұны, қауіп факторлері және «ақ өлімді» жою жолдары туралы жаппай ойлануға тура келеді.
Есірткі заттарын бүгінде пайдалану деңгейі бұрынғы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген. Бұдан оншақты жылдар бұрын нашақорлық «қоғамның шіріген бөлігі» мен артистік ақ сүйектер мәселесі болатын.
Бүгінде есірткі заттарын пайдалану кең қарқын алып барады. Ол мінез-құлықтық ерекшелік – тұтыну түріне немесе қоғамнан түбегейлі қол үзу формасына айналып бара жатқан сияқты. Қазіргі нашақорлық өндірушінің тікелей мақсаттағы еңбегінен қол үздіретін дамыған экономика мен өндіріс туындысы.
Адам өркениеті бүгінде жаңа технология ғасырына енді. Компьютерлік есеп құралдары, роботтар, биоэлектрондық жүйе, миды микропроцессорлармен байланыстырып, адам үшін жаңа психологиялық сынақ жағдайын әзірлеуі мүмкін. Сол кездері адам тығырыққа тіреліп, қоғамдағы нақты алар орны мен тұлғаның өзіндік құны туралы нақты болжамынан айрылуы ықтимал. Қазір күрделі технологияға байланысты мамандық түрлерін тек жастар игере алатындығы жасырын емес. Демек, өмір ағынына ілесе алмай, шеткері қалатын қоғам өкілдерінің саны өсуі мүмкін екендігі анық. Сол кездерде өзін белсенді ететін, қиналғанда жұбататын, проблеманы шешудің жеңіл химиялық тәсіліне жүгінуге тура келеді. Сөйтіп, нашақорлыққа жол ашылады.

Жамал Акниетовна ЖАДИЕВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет www.atyrau-business.comсайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1388 | Теги: жадиева, жамал, есірткі заттары, нашақорлық | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]