Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Есірткі және адам организмі

Есірткіге толеранттық (көтере білу) оған организм бой үйренген тұста артады. Толеранттық өскен сайын организмге бұрынғы әсер беру үшін қажет есірткінің мөлшері де көбейеді. Әрине, есірткіні тұтынудың организмге ең қорқынышты әсері препаратқа толық тәуелділік болып табылады. Есірткі зат алмасудың «штаттағы» қатысушысына айналады және оны қабылдауды тыю торшалардың және барлық организмнің жұмысының бұзылуына жетелейді. Есірткіні қабылдауды тыйғаннан соң «морт сыну» деп атау келісілген құбылыс басталады. Әдетте «морт сыну» - бұл күшті қалтырап-дірілдеу, дененің сырқырауы. Адам белдегі, буындардағы, бұлшық еттердегі, сүйектердегі ауыруды бастан кешіреді. Онда құрысулар, мұздай термен бірге әлсіздік, жүрек айну, құсу, іш өту, құлақтағы қатты ауыру, мұрыннан су ағу пайда болады. Бұл кезде алаңдау, қорқыныш, елес, ұйқысыздық білінеді. Нашақорлардың өзі тамұқпен салыстыратын бұл азапты жағдай 5-7 тәулікке созылады. Кейде, морт сыну кезінде нашақордың жүрек немесе тыныс тоқтауынан өлуі ұшырасады. Морт сынуды тыю үшін нашақор есірткінің дозасын қабылдайды. Тұйық шеңбер пайда болады.

Жанат Талгаповна АБУОВА,
мейірбике,
№1 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” МКҚК

Сурет zdravkom.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1066 | Теги: жанат, морт сыну, абуова, есірткі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]