Науқаста ентігудің жедел ұстамасы пайда болғанда “Жедел көмек” бригадасын шұғыл шақырып, тыныс алуды жеңілдететін шараларды тезірек қабылдау қажет:
- дене белсенділігін азайту;
- ауыр ентігуде науқасты креслоға немесе керуетке отырғызу;
- сырқаттың басының астына оралған зат немесе бірнеше жастықты арқасының астына қойып немесе функционалды керуеттің жоғары бөлігін көтеріп биігірек (отыру) кейіпін береді;
- науқасты тыныштандыру және оған ем басталғанда ентігудің азаятынын түсіндіру;
- науқастың көңілін басқа жаққа бұруға тырысу;
- сырқатты ауыр көрпешеден және денені қысқан киімнен босату;
- терезені ашып таза ауаның келуін қамтамасыз ету;
- үйде ылғалданған оттегімен ингаляция жасау;
- тыныс алудың жиілігін, тереңдігін және ырғағын бақылауды жүргізу.
Рита Берикболовна ЖИЕНБАЕВА,
мейірбике,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
Сурет lotos-frolov.ru сайтынан алынды
|