Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Емдік массаж туралы

Емдік массажға массаждың барлық танымал түрлерін жатқызуға болады. Өйткені олар сол немесе басқа емдік қасиеттерге ие.
Емдік массаж организм кеселге шалдыққанда және жарақаттанғанда ағзалар мен жүйелер қызметінің оңалуын жеделдету үшін қолданылады.
Емдік массаждың негізінен екі түрі бар: европалық классикалық емдік және рефлекторлық-сегментарлық.
Европалық классикалық емдік массажды емдік дене шынықтырумен бірге ішкі ағзалардың, нерв жүйесінің, хирургиялық және гинекологиялық кеселдерді кешенді емдеуде қолданады.
Сондай-ақ массаж құлақ, көмей, мұрын, тіс және қызыл иек, тері дерттерінде де пайдалы. Соңғы кездері емдік массажды медициналық оңалту саласында қолдану оның маңызын арттыра түсті.
Сегментарлық-рефлекторлық массажда дененің терісіндегі рефлекторлық аймақтарға әсер етіледі. Оған дәнекер тканьдік, периосталдық, су-джок терапия, саусақтық чжэнь, до-ин, туйна, шиатсу сияқты массаж түрлері жатады.      

Табиға Амирбековна ШАМАРАНОВА,
үгу мейiрбикесi,
диагностика бөлiмшесi,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Арал аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Арал ауданы

Сурет massaget.kz сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (16.02.2015)
Просмотров: 3870 | Теги: емдік үгу (массаж), шамаранова, табиға | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]