Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Екпеден кейінгі бала денсаулығы

Қызылшаға қарсы вакцина қосалқы реакцияларды сирек шақырады, егілген балалардағы асқынулар да өте сирек.
Дегенмен егілгендердің бір бөлігінде дене температурасының 38оС-ге дейін жоғарылауы сияқты реакцияның болуы мүмкін. Кейде конъюктивит пен азғантай бөртпе байқалады. Аталған симптомдар 5-6 тәуліктен 12-18 тәулік аралығындағы кезеңде болуы ықтимал, олар 2-3 күн сақталады. Бұл вакциналық үдерістің (процесстің) қалыпты ағымы.
Вакцинациядан соң мынадай асқынулардың болуы мүмкін:
- біліністің әр түрлі дәрежесіндегі аллергиялық реакциялар. Егер олардың даму ықтималдығы болса, егуге дейін 10-12 күн бұрын және одан кейін осындай мерзім балаға жас шамасына қарай антигистаминдік препарат беру қажет.
- құрысуға бейім балаларда жоғары температура кезінде аяқ-қолының тартылуы. Олардың жолын кесу үшін дәрігер парацетамол нұсқайды.
- орталық нерв жүйесінің зақымдануы (бұл аса сирек, вакцинацияның 1 миллионында 1 оқиға).
Алайда егуден соңғы асқынулардың табиғи қызылшаға қарағанда барынша жеңіл түрде өтетінін есте ұстаған жөн.   

Багдагул Мамаевна ЖАЛГАСОВА,
егу кабинетінің мейірбикесі,
«Жетес би» ауылдық емханасы,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет islam.kz сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (16.08.2015)
Просмотров: 1184 | Теги: багдагул, вакцинация, жалгасова, қызылша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]