Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Эпилепсиясы бар науқастардың күтім ерекшеліктері

Қояншықта (эпилепсияда) құрысулық құбылыстар алуан түрлі болып келеді. Бірақ, ұстамалардың қалай өтетініне қарамастан, абайлау шараларын түгелдей қатаң сақтау маңызды.
Қояншықта ұстамалардан бөлек бірқатар ауыртпалы құбылыстар орын алады. Науқастардың есте сақтау қабілеті бұзылады, олар ызақор, ашуланшақ, озбырлық әрекеттерге бейім келеді. Оларда ештеңемен байланыспаған нашар көңіл-күй кезеңдері байқалады, кейде олар тұнжыр, мұңға бейім күйде болады. Олар ренжітуді қатаң қайғырады, өш алуға тырысады, сондықтан олармен қарым-қатынас жасағанда өте әдепті, сабырлы, ұстамды және шыдамды болу керек.
Қояншығы бар сырқаттың еңбек етуін ұйымдастыру маңызды. Егер ұстамалар сирек болса, психикалық өзгерістер анық білінбесе, жарақат алудан бой тасалауға ерік беретін шектеулерді ескеріп, жұмыс істей алады. Ес бұзылыстарының белгілері байқалғанда психиатрға міндетті түрде қаралу қажет.

Дурбиби Дауреновна ШАКИРОВА,
мейірбике,
облыстық психикалық жүйке ауруханасы
 

Сурет www.narmet.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (10.03.2015)
Просмотров: 1067 | Теги: күтім ерекшеліктері, қояншық (эпилепсия), Шакирова, дурбиби | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]