Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Эндоскопиялық тексеру тәсілі

Эндоскопия – бұл іші қуыс ағзаларды (мысалы, өңешті, тоқ ішекті немесе бронхтарды) және дене қуыстарын (мысалы, құрсақ) оптикалық аспаптар – эндоскоптар арқылы тексеретін тәсіл.
Эндоскопиялық зерттеулер қуыс және түтікті ағзалардың ішкі бетін тексеруге мүмкіндік береді.
Эндоскоп түтігі зерттелетін аумаққа табиғи жолдар арқылы енгізіледі:
- асқазан кеселдерін нақтылау үшін – ауыз және өңеш арқылы;
- бронхтар мен өкпені тексеруде – көмей арқылы;
- қуықтың дерттерін нақтылауда – зәр шығару каналы арқылы.
Эндоскопияның кішкене тесік арқылы да жүргізілуі мүмкін, мысалы, құрсақ қуысын тексеру – лапароскопия.
Соңғы үлгідегі эндоскоптар – оптикалық фиброскоп – бұл оптикалық жүйемен қамтамасыз етілген майысқақ түтіктер, зерттелетін аймаққа бейне мен жарық шыныталшықты жіптер арқылы беріледі. Бұл көрінуі қиын тұстарды еркін қарауға ерік береді.

Салтанат Мырзабековна ШУЙШБАЕВА,
эндоскопия және бала хирургы кабинет мейірбикесі,
облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы

Сурет xn----7sbbhcjffu6dhi6jwa.xn--p1ai сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (19.01.2015)
Просмотров: 1668 | Теги: шуйшбаева, Салтанат, фиброскоп, эндоскопия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]