Эндемиялық жемсау – қоршаған ортада йодтың тапшылығы бар белгілі бір географиялық аймақ тұрғындарының қалқанша бездің ұлғаюымен білінетін кеселі.
Топырақта, суда, тағамдық азық-түліктерде йодтың жетіспеуі қалқанша бездің компенсаторлық ұлғаюына жетелейді.
Зобтың диффузды, түйінді және аралас түрлері болады. Қалқанша бездің функциясының бұзылуы, төмендеуі немесе жоғарылауы мүмкін. Барынша типтік көрініс гипотиреоздың дамуы. Балалық кезден қалқанша без тапшылығының біліністерінің бірі кретинизм (миғұлалық) болып табылады (гипотиреоздың ақыл-ойлық және денелік дамудың кідірісімен өтуі).
Жемсау елеулі үлкен өлшемде болғанда мойын ағзаларының қысылуы, тыныс алу бұзылыстары, дисфагия құбылыстары, дауыстың қарлығуы белгілерінің болуы мүмкін.
Профилактикасы: йодталған ас тұзын, эндемиялық ошақтарда антиструминді пайдалану.
Айгул Жалгасовна ТЫМАНБАЕВА,
мейірбике,
“Аққұм” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет nspastana.kz сайтынан алынды
|