Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек

Электр тогының адам организміне әсері жалпы және жергілікті болып келеді. Жергілікті зақымдануда ток өткенде бұлшықеттердің жиырылу нәтижесінде механикалық зақымдану, сондай-ақ І-ІІ дәрежедегі күю болады.
Ток өмірлік маңызды ағзалар арқылы өткенде аса қауіпті. 
Электр тогымен жеңіл жарақаттануда зардап шегушіде қаңқалық мускулатураның құрысулық жиырылулары, бас ауруы, кеудедегі ауыру, жалпы әлсіздік, ентігу байқалады. 
Ауыр зақымдануларда жоғарыдағы аталғандарға қозғалыстық қозулармен бірге естен тану, сезіну, көру, есіту, иіс сезу бұзылыстары қосылады. Жүректің, тыныс алудың тоқтауы мүмкін.
Алғашқы медициналық көмек:
- қауіпсіздік техника ережелерін сақтай отырып, зардап шегушіні токтан ажырату;
- оны жоғары, құрғақ тегіс жерге жатқызу (жерге көмбеу!);
- электрлік күйіктерге құрғақ асептикалық таңулар жасау;
- жүрек және тыныс алу қызметін ынталандыру үшін мүсәтір спиртін иіскету;
- тыныс алу мен жүрек қызметі тоқтағанда реанимациялық шаралар өткізіледі. 

Асия Сапабековна ИБРАЕВА,
шақыру фельдшері,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
 

Сурет www.zdorovieinfo.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (27.03.2015)
Просмотров: 1683 | Теги: электр тогымен жарақаттану, асия, ибраева, алғашқы медициналық көмек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]