Электр тогының жергілікті және жалпы әсер ететіні белгілі. Токтың жергілікті әсер ету аумағында қызарусыз және ауыру сезімінсіз күйік туындайды. Жеңіл оқиғалардағы жалпы реакция қорқу, қозу немесе тежелу, жүрек қағу, аритмия түрінде байқалады. Ауыр электр тогының жарақатында ми, жүрек, тыныс алу қызметтері тіпті олар тоқтағанша және өлімге әкелгенше бұзылады.
Алғашқы көмек
Ең алдымен зардап шегушіні ток көзінен босату – одан электр сымын құрғақ ағаш таяқпен, резеңке кілемшемен және басқа оқшаулаушы материалдармен әрі итеріп тастау керек. Өз қауіпсіздік шараларын да естен шығармаңыз!
Егер жүрек соғысы сақталса, тыныс алу жоғалса - өкпені жасанды желдетуді бастаңыз (ӨЖЖ) “ауызбен ауызға” немесе “ауызбен мұрынға” түрінде. Жүрек соғысы болмағанда - ӨЖЖ-мен бірге жүректің жанама массажын (ЖЖМ) жасау қажет (15 серпуге 2 тыныс алу) . Шарт бойынша төс сүйек ортасына күшті соққы беріп және жүректің сыртқы массажын жасап жүректі қайта соқтыруға болады. Дұрыс массаж жасалса, күре тамырда тамыр соғысы білінеді, қарашық кішірейеді және өз бетінше тыныс алу пайда болады. Жүрек соғып, тыныс алу байқалғанда зардап шегушіні ауруханаға жатқызады.
Калдыгул Тугельбаевна БЕЛГИБАЕВА,
шақыру фельдшері,
“Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем” стансасы
Сурет www.polismed.ru сайтынан алынды
|