Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Электр жарақатын алған балаға алғашқы көмек

Электр тогының соққысы қысқа мерзімді және қауіпсіз болуы, сондай-ақ өлім тудырар қатерлі болуы ықтимал.
Егер бала есінен танса, онда тыныс алу бұзылысы немесе кең көлемдегі күйік болса, “жедел жәрдем” шақыру қажет.
Бала электр тогының көзімен контактта болған кезде оған жалаңаш қолды тигізуге болмайды. Егер балада күйік болса, өлген теріні алып тастамау және көпіршіктерді жармау керек. Күйіктің үстін мұзбен, сары маймен, жақпа майлармен және дәрілермен жабуға болмайды, оған мақталық таңуды жасамаңыз немесе лейкопластырь жапсырмаңыз.
Балада шок белгілерінің бар-жоғы тексеріледі. Егер баланың басы айналса, ол есінен танса, терісі бозарса, қолға суық және ылғалды болса, егер тыныс алуы беткейлі және жиілесе, тамыр соғысы әлсіз және жиі болса – бұл ондағы шоктың белгілері. Мұндай кезде реанимация щараларының қолданылуы қажет.
Алғашқы көмек
1. Электр тогын ажырату.
2. Егер электр тогын ажырату мүмкін болмаса, баланы ток көзінен ток өткізбейтін затпен (сыпырғыш, орындық, кілем, резеңке кілемше) алыс әкету. Бұл үшін ылғалды немесе металл заттар қолданылмайды.
3. Егер бала электр күйігін алса, одан барлық киімді шешу керек. Күйген аумаққа ауыру сезімі басылғанша шүмектен салқын су құйылады.
4. Егер балаға күйік әлі де ауырлық әкелсе, күйген аумаққа таза құрғақ таңу жасалады. Баланың саусақтары мен башпайлары күйсе, олардың арасында матамен немесе дәкемен ажыратқыш таңуы жасалады.      

Багдагуль Ертлеуовна КУНУСБАЕВА,
мейірбике,
реанимациялық бөлімше,
облыстық балалар ауруханасы

Сурет deita.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (21.06.2015)
Просмотров: 875 | Теги: баланың электр күйігі, алғашқы көмек, кунусбаева, багдагуль | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]