Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Электр тогымен жарақаттанудағы шұғыл көмек

Электр тогымен зақымдану жылулық және электролитикалық эффект береді. Көбіне электр жарақатының себебі электр жабдықтарымен тұрмыста және өндірісте қауіпсіздік техникаларын сақтамаудан болады.
Электр тогының организм арқылы өтуі механикалық (тіндердің жарылуы, сырылу) және термикалық (күйіктер) зақымдануларға жетелеп, тіндерде химиялық өзгерістер және басқа реакциялар шақырады.
Электр жарақатының симптомдары жергілікті және жалпы деп бөлінеді.
Жергілікті симптомдарға токтың кіру және шығу жолдарында тіндерде термикалық күйікке ұқсас өзгерістердің пайда болуы жатады.
Кіру және шығу орындары “ток белгілері” деп аталады. Олар аздап ауырады және қан тамырлы реакциялармен бірге жүрмейді.
Жалпы симптомдар электр тогының орталық нерв жүйесіне, жүректік-қан тамырлық және тыныс алу жүйелеріне әсер етуіне байланысты болады.
Ауыр зақымдануларда мыналар анықталады:
- сананың тұмандануы немесе жоғалуы;
- моторлық қозулар;
- ретроградты амнезия;
- жоғары ызалану;
- жарықтан қорқу, үрей;
- өкпенің ісінуі;
- жедел бүйректік тапшылықтың дамуы.
Шұғыл көмек
- зардап шегушіні электр тогымен контакттан ажырату;
- тыныс алу мен жүрек тоқтағанда өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ) және жүректің тіке емес массажы жасалады;
- электрлік күю жарасына асептикалық таңу қойылады.

Дамир Шарапатович БАТИШЕВ,
фельдшер,
“Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары” АҚ-
“Қызылорда темір жол ауруханасы”

Сурет www.vashezdorovie.com сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (12.04.2015)
Просмотров: 1955 | Теги: элекр тогымен жарақаттану, Дамир, батишев, “ток белгілері”, ӨЖЖ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]