“Жасанды есірткі” атауымен белгілі экстазиді жасырын зертханаларда дайындайды. Экстазиді тұтынған кезде көңіл-күйдің көтерілуі, данышпандық сезімі, тактилдік сезімталдықтың өткірленуі сияқты субъективтік сезімдер пайда болады. Мұның себебі орталық нерв жүйесінің синапстарына серотониннің қалыпты емес үлкен көлемінің түсуі. Серотонин – бұл көңіл-күйді, эмоцияларды, ұйқыны және тәбетті қосқандағы мидың маңызды қызметтерін реттейтін нейромедиатор.
Экстазиді қолданғанда галлюцинациялар жиі болады. Ол дискотекаларда, жастар клубтарында кеңінен танымал. Өйткені экстази үш тәулікке дейін жоғары белсенділікте жүруге ерік береді. Бірақ экстази тамаққа, сұйық ішуге және ұйқыға деген қажеттіліктерді күйретеді. Оған қоса препарат терең деградацияны (сусыздануды) және таусылуды шақырады, организмнің өзін өзі реттеуін (ауторегуляция) бұзады.
Мұның соңы гипертермияға әкеліп, экстазиді ұзақ және жоғары дозада қолдануға байланысты өлім мен мүгедектіктің негізгі себебіне айналуы мүмкін.
Ботагөз Жақсылыққызы ІДІРІСОВА,
№5 наркологиялық бөлімше,
“облыстық наркологиялық орталығы” ШЖҚ МКК
Сурет 4seo.biz сайтынан алынды
|