Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Донор қанының қолданылатын мақсаттары

Қан құю кейде адам өмірін сақтап қалудың бірден бір тәсілі болатын жағдайлар кездеседі. Қан алушыға (реципиентке) мұны білудің мәні зор. Қан мынадай жағдайларда аса қажет:
- жарақат, апат, операция және т.б. нәтижесінде көп қан жоғалту;
- тоқтатудың сәті түспеген қан кетулер;
- ауыр күйіктер;
- іріңді-септикалық аурулар;
- қан аздық;
- әйелдердегі күшті токсикоздар;
- бала босанудың ауыр өтуі;
- гематологиялық дерттер (лейкоз және т.б.).
Мұндай сәттерде қан тапсырған донор басқа адамның өмірін сақтап, игілікті және адамгершілікті, сауапты іс істейді, сырқаттың алғысына бөленеді.


Роза Ерекенқызы ӨТЕШОВА,
мейірбике,
облыстық қан орталығы

Сурет www.podari-zhizn.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (21.01.2015)
Просмотров: 816 | Теги: өтешова, қан құю мақсаттары, реципиент, донор қаны, Роза | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]