Қауіпсіз донор қанымен қамтамасыз ету – қан орталықтарының маңызды міндеті.
Тапсырылған кез келген қанның пациент үшін қауіпсіз болуы шарт. Донорда қан құюға мұқтаж адамға көмектескісі келетін шынайы ниет және қан орталығы қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеу тілегі болуы тиіс.
Қан қауіпсіз болуы үшін донордың негізінен мыналарды ескеруі керек:
- соңғы айлардағы өз денсаулық жағдайын, өз өмір салтын қайта зерделеу. Өйткені қан қауіпсіздігіне әсер ететін факторлардың болуы мүмкін;
- егер донор өз денсаулығына күмәнді болса, қан тапсыруға келмеу;
- донордың өз сексуалдық серіктесінің денсаулығына күдігі болса, қан тапсырудан бас тартуы;
- қан орталығына келгенде сауалнама сұрақтарын мұқият оқу және оларға шынайы жауап беру;
- егер донордың жұқпаға күдігі болса – мұны дәрігерден жасырмау;
- сауалнамадағы сұрақтардың бірі түсініксіз болса, оны медициналық қызметкерден сұрап, нақтылап алу.
Роза Ерекенқызы ӨТЕШОВА,
мейірбике,
облыстық қан орталығы
Сурет www.likar.info сайтынан алынды
|