Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Дизентерияның профилактикасы

Қантышқақ (дизентерия) - жедел жұқпалы ішек ауруы. Онда жалпы уыттану, қарын-ішек жолдарының, оның ішінде тоқ ішектің зақымдану белгілері болады.
Дизентерия тек қана адамнан адамға ғана жұғады. Аурудың жұғу жолы нәджістік-ауыздық. Кесел тағам, су, қарым-қатынас арқылы таралады. Адам организміне қоздырғыш ауыз арқылы күнделікті тұтынатын заттармен, ойыншықтармен, ыдыс-аяқпен, лас қолмен, ауыз сумен, жуылмаған жеміс-жидектермен енеді. Сондай-ақ жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтамау аталған кеселге жетелейді.
Емізулі балаларға көзі өз анасы, яғни қантышқақтың жасырын және басқа айқындалмаған түрімен ауыратын күтім жасаушы адамдар да дерт көзіне айналады. Кесел көбіне жаз, күз айларында көп ұшырасады.
Профилактикалық шаралар:
- науқас адамды оқшаулау;
- қарым-қатынаста болғандарды жүйелі бақылау, тексеруден өткізу;
- ең негізгісі жеке бас және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау;
- қоршаған ортаны таза ұстау;
- азық-түлікті дұрыс сақтау және тазарту;
- бала бақшада, мектепте, оқу орындарында арнайы профилактикалық шаралар атқару.

Жадыра Уалибековна ТИЛЕСОВА,
мейiрбике,
балалар жұқпалы аурулар бөлiмшесi,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

 
Сурет www.medrzn.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1173 | Теги: жадыра, дизентерия, тилесова, профилактика | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]