Дизентерия (қантышқақ) – бұл жалпы уыттану құбылысымен өтетін тоқ ішектің соңғы бөлігін зақымдайтын жедел бактериалды ішек жұқпасы.
Профилактикалық шаралар
- жеке бас гигиенасын сақтау, көшеден, әжетханадан соң, ас ішер алдында қолды мұқият сабындап жуу;
- көшеден, жайма базарлардан азық-түлік сатып алмау, тез бұзылатын азық-түліктердің әзірлену мерзімі мен сақталу талаптарына көңіл аудару;
- асқа сақталу мерзімі өтіп кеткен және тоңазытқыштан тыс жерде сақталған азық-түліктерді пайдаланбау;
- рұқсат етілген су көздерінде ғана шомылу, суға сүңгігенде су жұтпау;
- кесілген бақша өнімдерін сатып алмау.
Қазіргі кезде бактериалды дизентерияның профилактикасының ықпалы шарасы оған қарсы егу (вакцинациялау) болып табылады.
Айгерим Сериковна ЖУМАБАЕВА,
қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Сурет my-sunshine.ru сайтынан алынды
|