Мұндай науқастарда торығулы көңiл-күй және өзiнiң түкке тұрғысыз сезiмi болады.
Сырқат томаға-тұйық келедi және оқшаулануға, оңаша қалуға ұмтылады, сөйлесуге зауқы болмайды.
Мейiрбикелiк күтім:
1. Науқаспен бiрге уақыт өткiзу. Бұл уақыттың қысқа мерзiмiн онымен үндемей отыруды бiлдiредi.
2. Науқас өзiмен-өзi болып, өзiн жағымды сезiнген кезде оны топтық iс-әрекетке қатысуға ынталандыру. Оны алдымен бiрнеше рет топтық сабақтарға ертiп бару.
3. Науқасты өзiне сенiмдiлiктi дамыту тәсiлдерiне үйрету. Басқа адамдармен өзара әрекеттесу оның пәс (пассивтi) немесе озбыр (агрессивтi) мiнез-құлықты қолдануынан нашарлауы мүмкiн.
4. Науқастың күнделiктi iс-әрекет түрлерiн мұқият жоспарлауды ұсыныңыз. Оларды өткiзу уақытын көрсетiп емдiк шаралар кестесiн құрастырыңыз және оған жазба түрiнде көшiрмесiн берiңiз.
5. Басқа адамдарға жақындағанда науқас қолдана алатын ептiлiктерге үйретiңiз.
6. Басқалармен өзара әрекеттегi оңды нығайтуды қолданыңыз.
Гульжан Жайсанбаевна ЕРМАГАНБЕТОВА,
мейірбике,
№4 әйелдер бөлімшесі,
облыстық психоневрологиялық аурухана
Сурет lecheniedepressii.ru сайтынан алынды
|